Халыққа қажет көмірдің 70 пайыздан астамы теміржол тұйығына жеткізілді – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игісінов халыққа қажет көмірдің қанша пайызы теміржол тұйықтарына жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әріптесім айтқандай, өндірілетін көмірдің 10 пайызы биржаға түссе, қалған 90 пайызы өзара келісімшарт бойынша энергетика саласына, өндіріс орындарына, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге, халыққа бағытталады. Сандарға сүйенсек, әкімдіктердің берген ақпараты бойынша биылғы қажеттілік 9,2 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 2,8 млн тонна көмір керек. Халыққа арналған көмірдің мөлшері – 6,4 млн тонна», - деген министрлік өкілі бұл сандар жергілікті әкімдіктердің ақпараты негізінде алынған атап өтті.

«Әр облыс өз қажеттілігін беріп отырды. Біз сол бойынша жоспар құрдық. Халыққа жөнелтілген көмірдің орындалуы 71,2 пайыз болып отыр. Ал коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліке арналған көмірдің орындалуы - 92,5 пайыз. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке арналған көмірдің мөлшерін толық орындады. Ал Ақмола облысы халыққа қажет көмірді толық орындап отыр. Басқа өңірлерге келсек, олардың көрсеткіштері 70-тен 96 пайызға дейін. Біздің пайымдауымызша, келесі айдың ортасына қарай жалпы қамтамасыз ету 100 пайызға жетеді», - деді Жанат Игісінов.


Соңғы жаңалықтар