+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Халыққа әскери міндетті азаматтарды шақыру жайы түсіндірілді

2020 жылғы 3 сәуір 18:02
Бөлісіңіз:
Халыққа әскери міндетті азаматтарды шақыру жайы түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Әскери міндетті азаматтарды шақыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әскери міндетті азаматтарды шақыру туралы тағы да айтып кетсек. Бұл жаңалыққа байланысты туындаған сұрақтарды түсінеміз. Бүгін Қорғаныс министрі бұл шараның қалай жүзеге асатыны туралы толық түсіндірді», - деп тоқталды министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Осы ретте ол мемлекет басшылыққа алатын қағидаттар туралы айтты:

- Біріншіден, қажет болған жағдайда ғана шақыру. Мемлекет күші жеткілікті жерлерге әскери міндетті адамдар шақырылмайды;

- Екіншіден, өз еркімен баратын адамдарға басымдық беріледі;

Қабылдау кезінде жасы, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы сияқты барлық факторлар ескеріледі. Жұмыс істеушілердің жалақысы сақталады. Жұмыссыз азаматтарға төлемдер болады.

«Қызметте тәулік бойы болу қажет емес. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін үйіне қайтады. Сөзсіз, олардың барлығы медициналық бақылаудан өтеді және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бүгіннің өзінде бірқатар азаматтар Отанға қызмет етуге дайын екендігін білдірді. Осы тұста, сол азаматтарымызға алғыс айтамын. Елдің қорғаны мен мақтанышы – Өздеріңіз. Сонымен бірге, қазір көптеген азаматтарды ел қорғаны деуге толық негіз бар. Олар: вируспен күресіп жатқан – дәрігерлер. Мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген – волонтерлер. Күніне жүздеген маска тігіп жатқан тігіншілер. Карантин режимінің сақталуын бақылап жүрген полиция қызметкерлері. Антисептик шығарып жатқан зауыт жұмысшылары. Жедел-жәрдем жүргізушілері. Міне, Президенттің «Біз біргеміз!» деген ұранының мәні мен мағынасы да осында. Әр адам өз ісін адал атқарып, ортақ проблеманы шешуге атсалысады. Осылайша, Отанға қызмет етеді», - деді Дәурен Абаев.

«Әскери міндетті азаматтарды шақыру дегеніміз мемлекет проблемаларды азаматтар арқылы шешейін деп жатыр деген сөз емес. Бұл – адамдарды өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша кеңінен тарту жөніндегі конституциялық шара», - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, биыл 2 сәуір күні Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлық шығарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT