Халыққа арзан ипотека беру керек - Тимур Құлыбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП басшылығы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Аxметовтың ұсынысын Премьер-Министрге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада біз Шығыс Қазақстанда болдық. Даниал Кенжетайұлы (ШҚО әкімі - авт.) айтады, баспана құрылысын қаржыландырудың қажеті қанша? Оның бәрін екінші деңгейлі банктерге беріп тастауға болады ғой. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға көмектесетін болсақ, арзан ипотеканы берейік. Қазір бізде тұрғын үй құрылысымен «Самұрық-Қазына» айналысады, «Бәйтерек» холдингі айналысады. Олар баспана құрылысымен емес, ел экономикасымен айналысуы қажет. Ал тұрғын үй құрылысын жеке бизнес те атқара алады. Бұны жай адам айтып отырған жоқ. Әкім айтып отыр. Ол да кезінде Үкіметті басқарған», -  деді «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін палатаның кеңейтілген отырысында.

Президиум басшысының айтуынша, мемлекеттің қыруар қаражатын «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» пен әкімдіктер арқылы құрылысқа салғанша ол ақшаға ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға болады. Осылайша, ипотеканы xалыққа барынша қолжетімді етуге мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП президиумның кеңейтілген отырысына ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы шаралар талқыланып, осы саладағы өзекті мәселелер де пысықталды.

Соңғы жаңалықтар