Халықарлық валюта қоры коронавируспен күреске 50 млрд еуро бөледі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Халықарлық валюта қоры (ХВК) COVID-19 коронавирусымен күресу үшін нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан кедей елдер мен мемлекеттерді қаржыландыруға 50 млрд доллар бөледі.

Бұл туралы ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева CNBC-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол ақшаны алу үшін елдерге ХВҚ-мен бірге жүзеге асырылған бағдарлама болуы міндетті емес екенін, ал бөлінген қаражаттың 10 миллиард доллары қордың жеделдетілген несиелеу механизмі арқылы кедей елдерге пайызсыз қарыз түрінде берілетінін айтты.

«Біздің қазір істеп жатқан жұмысымыз - әр елдің қаржылық қажеттіліктерін талдау және осы ресурстар туралы білетініне көз жеткізу үшін осы елдермен өзара іс-қимыл жасау», - деді Георгиева америкалық бизнес арнасына берген сұхбатында.

«Сонымен, біз өзара әрекеттесудің алғашқы сатысында тұрмыз. Бірақ сұраныс түскен кезде біз тез әрекет ететінімізге сендіре аламын».

ХВҚ басшысы бұған дейін баспасөз конференциясы барысында «жаһандық өсім 2020 жылы өткен жылға қарағанда төмен болатынын, бірақ қаншалықты түсетінін және әсері қанша уақытқа созылатынын болжау әлі қиын» екенін айтқан болатын.

ХВҚ шаралары әлем бойынша халықаралық қаржы мекемелері мен орталық банктердің тез тарайтын аурудың экономикалық зардаптарына қатысты қауіптерді еңсеру бойынша соңғы іс- қимылдарға айналды.

Сейсенбіде АҚШ Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені жарты пайызға төмендететінін мәлімдеді, ал Дүниежүзілік банк вируспен күресетін елдерге дереу 12 млрд доллар қаржы бөлуге уәде берді.


Тимур Дюсекеев


Соңғы жаңалықтар