Халықаралық «Жайдарман» ойынында Қырғызстанның «Позитив» құрамасы бас жүлдеге ие болды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Конгресс-холл» залында өткен халықаралық «Жайдарман» ойыны астаналықтарға ұмытылмас кеш сыйлады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген КВН-шілермен бірге сайысқа РФ Татарстан, Башқұртстан және Қырғызстан командалары қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан командаларымен бірге, шетелдік меймандардың қазақ тілінде өнер көрсетуі көрермендердің зор ықыласына ие болды. «Жайдарман» ойынында Өскеменнен «Алтай», Қостанайдан «Ару.кз», ұйғыр ұлтының «Лағман.ком», Башқұртстанның «Уфа» құрамасы мен Өзбекстан КВН-шілері, Қырғызстанның «Позитив», Алматы облысының «Жетісу», Қазақстанның намысын қорғаған «Қазақ жігіттері», Татарстанның «Қазан» құрамасы мен Оңтүстік Қазақстан құрамасы өзара сынға түсті.
 

null 

Алғаш болып Өскеменнен келген «Алтай» құрамасы ойынды бастаса, бұдан кейін шыққан ұйғыр ұлтының «Лағман.ком» командасы жиналған жұртшылықты күлкіге қарық қылды. Қазақ тіліне жетік ойнап берген ұйғыр КВН-шілерінің өнері үдеден шыға білді. Бұдан кейінгі татар, қырғыз, башқұрт ағайындардың ойыны да қазақстандық командалардан кем түсе қойған жоқ. Бұл тұста командалардың ерекше дайындықпен келгенін атап өткен жөн.

10 команданың тартысты ойынының қорытындысы бойынша үшінші орынды (150 мың теңге) Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай құрамасының «Ару.кз» командасы, екінші орынды (300 мың теңге) Башқұртстан құрамасы иеленді. Жүлделі бірінші орынды (350 мың теңге) Татарстан құрамасы жеңіп алса, бас жүлде ( 500 мың теңге) Қырғызстанның «Позитив» құрамасының еншісінде кетті.
null 

«Қадірлі қауым! Жаңа ғана қазылар алқасымен ақылдастық. Кішкене шегініс жасағым келеді. Есен Елеукеннің осы бастамасын естіп, бірден қолдау білдірдік, қуандық. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының бастамасымен ашылған Түркі академиясы бар. Жастардың тілімен халықтардың мәдениетін, дәстүрін байланыстыруға мүмкіндік туып отыр екен. Ендеше, қазылар алқасымен ақылдаса келе, Ұйғыр және Өзбек командаларына Түркі академиясының атынан 250 мың теңгеден арнайы сыйлық тапсырамыз», - деді қазылар алқасының мүшесі Дархан Қыдырәлі.

Ойын соңында жеңімпаз командалардың барлығына алғыс хаттар мен жүлделері табыс етілді.

«Көрші ақысы түгенделгендей секілді бүгін. Менің ойымша, «Бармысың, бауырым» бағдарламасының рөлін бүгін «Жайдарман» атқарып берген секілді. «Жайдарман» туыстарымызды тауып берді. Бәріміз де бір анадан туғанбыз. Әлемді махаббат құтқарады деп жатады ғой. Ал мен әлемді достық құтқарады дер едім. Достығымыз арта берсін», - деді қазылар алқасының мүшесі, «QAZAQ RADIOLARY» мекемесінің басшысы Мәди Манатбек.
null 
null

null 

Соңғы жаңалықтар