Халықаралық WannaCry вирустық шабуылынан келген шығын 1 млрд доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда WannaCry вирусын пайдалана отырып, windows операциялық жүйесі бар компьютерлерге жасалған кибер шабуыл 1 млрд доллардан асатын шығынға әкеп соқты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі америкалық сарапшыларға сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, 12 мамыр күні басталған кибершабуылдың салдарынан бір аптаға толмай шамамен 150 елден 300 мыңға жуық компьютер зақымданды. Сонымен қатар, америкалық мамандар болашақта осыған ұқсас әрекетті хакерлер тарапынан өткізуді жоспарлап отыр.

«Дүниежүзі бойынша ірі ұйымдардағы өндірістің тежелуінің көлемімен алғанда, WannaCry тарапынан төрт күн ішінде жасалған шығын 1 млрд доллардан асты», - дейді KnowBe4 компаниясының басшысы Стью Сбюверман.

Shadow Brokers лақап атын жамылған хакерлер тобы өткен жылы-ақ хакерлік шабуылға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін (БЖ) жасады. Хакерлердің мәлімдеуінше, бұл жүйе АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі тарапынан құрылған.

Соңғы жаңалықтар