Халықаралық велосипедшілер одағы «Алматы туры» велобәйгесін өткізуге қолдау көрсетпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксонмен кездесті.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайтында хабарланды.

Жүздесу барысында Алматыдағы велоспорттың дамуы туралы талқыланды.

Әкім шаһардағы велоспедшілердің саны жылдан-жылға артып келе жатқанын, қазір таңда олардың саны 90 мыңды құрағанын атап өтті.

«Өткен жылдың қазанында қалада тұңғыш кәсіби велобәйге «Алматы туры» ұйымдастырылған болатын. Біз бұл игі дәстүрді биыл да жалғастырайын деп отырмыз. Биылғы доданың ұйымдастырылу дәрежесі биік болмақ. Осындай шаралар арқылы қаладағы велоспорттың даму базасының негізін қалайтын боламыз», - деді қала басшысы.

Өз кезегінде Брайан Куксон «Астана» велокомандасын әлемде танымайтын адам кемде-кем екендігін айтып өтті.

«Алматыда велоспорт өте жақсы дамыған. Біз өз тарапымыздан «Алматы туры» велобәйгесін өткізуге қолдау көрсететін боламыз», - деді Халықаралық велосипедшілер Одағының президенті.

Соңғы жаңалықтар