Халықаралық валюта қоры Орталық Азия елдері экономикасының қаншалықты өскенін жария етті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кавказ бен Орталық Азия елдерінің экономикасы 4,8 пайызға өсті. Бұл жайында Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Субир Лалл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кавказ бен Орталық Азия өңіріндегі елдердің экономикасы өсімдегі өте үлкен айырмашылықпен 4,8 пайызға артты. Біздің есептеуімізше, Арменияда өсім шамамен 12,6 пайызды құраса, ал Түрікменстанда шамамен 2 пайыз болды. Бұл күтілген өсімнен біршама жоғары. Бұған қоса, өңірлік сауда айтарлықтай төмендеп, экспорттаушы елдер үшін мұнай бағасы біршама жоғары болды. Ресейден эмиграция нәтижесінде ақша ағыны да күрт жоғарылады. Мұнан бөлек, бірқатар елде, оның ішінде Армения, Грузия, Қырғыз Республикасы және Өзбекстанда жалақы қатты көтерілді», - деді Халықаралық валюта қорының «Өңірлік экономика келешегі: Таяу Шығыс және Орталық Азия» баяндамасын таныстырған Субир Лалл.

Оның айтуынша, 2022 жылы ағымдағы есепшоттағы теңгерімсіздік өңірдегі елдердің басым бөлігінде айтарлықтай жақсарған.

«Сонымен қатар 2022 жылы ағымдағы есепшоттағы теңгерімсіздік өңірдегі елдердің басым бөлігінде айтарлықтай жақсара түсті. Бұл Әзербайжан, Қазақстан сынды мұнай экспорттаушы елдер үшін негізгі оң сауда балансын көрсетеді. Оның ішінде табыстың барынша жоғары ағылуы, мұнайды импорттаушы елдердің басым бөлігінде қызметтердің профициті бар. Бұл өңірдегі табыс деңгейі төмен елдерге де қатысты», - деді ХВҚ өкілі.


Соңғы жаңалықтар