10.02.2023 21:33 Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Катаржина Вавьерниа еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.02.2023 15:51 Біздің аппарат ашық режимде жұмыс істеуге дайын - ОСК төрағасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы Оуэн Мерфимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.02.2023 17:31 Еуроодақ қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмек көрсетуге дайын АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ Түркия тарапының өтінішімен шұғыл түрде іздеу-құтқару тобын жасақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 18:54 Омбудсмен ЕҚЫҰ-дан азаптауды тергеуге техникалық көмек сұрады АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Астанадағы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат уәкілге сілтеме жасап хабарлайды.
02.02.2023 13:01 Төрт аптада әлемде ковидтен болған өлім-жітім 65 пайызға көбейген ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сәрсенбі күні келтірген мәліметіне сәйкес 2-29 қаңтар аралығында 20 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 114 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.
01.02.2023 12:33 Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жаңа тұрақты өкіл болып Андрей Михнев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
30.01.2023 15:13 БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 2-3 ақпан аралығында БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман Қазақстанға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.01.2023 18:22 Сенаторлар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Бауыржан Қаниев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясылық жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.01.2023 21:12 Еуразиялық одақтың ортақ электр энергия нарығы мен мемлекеттік сатып алуға қатысты ережелері бекітілді АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің биылғы бірінші отырысына қатысты.
24.01.2023 18:34 Халықаралық валюта қоры еліміздегі миссиясын бастады АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі департаментінің аға экономисі, миссия басшысы Саже Де Клерк кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.01.2023 17:50 Қазақстан халықаралық банктермен бірлесіп қандай жобаларды іске асырып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
19.01.2023 22:51 2023 жылы туризм пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады - UNWTO болжамы БАКУ. ҚазАқпарат - БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) есебінше, 2022 жылы 900 миллионнан астам турист халықаралық саяхатқа шыққан, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.01.2023 10:26 ДДҰ-ның сайтында Қазақстандағы суицид туралы ақпарат өзгертілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.
13.01.2023 14:34 Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономика болжамын нашарлатпайды АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 ауыр жыл болады, бірақ адамдарда жұмыс барда экономика құлдырамайды. Болжамдар арықарай төмендемейді. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) директоры Кристалина Георгиева осылай деп пайымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
12.01.2023 12:03 Ертең Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.01.2023 00:33 Былтыр әлемде азық-түлік өнімдерінің бағасы 14,3 процентке өсті – ФАО РИМ. СИНЬХУА – Энергия тасымалдаушылар мен тыңайтқыш бағасы өскендіктен 2022 жылы азық-түлік өнімдерінің әлемдегі бағасы өткен жылмен салыстырғанда 14,3 процентке көтерілді.
05.01.2023 10:55 ДДҰ коронавирустың жаңа толқыны тарауы мүмкін екенін ескертті АСТАНА.ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ пен Еуропада қарқынды тарап жатқан коронавирустың жаңа штамына алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.12.2022 20:43 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17.12.2022 18:46 Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы цифрлық өзара байланыс мәселелері талқыланды БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссельде «Цифрландыру және өзара байланыс: ЕО мен Қазақстан қалай жақсырақ ынтымақтаса алады?» атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан мен Еуропа арасында цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.12.2022 17:45 Ислам азық-түлік қауіпсіздік ұйымы жылды қорытындылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ислам азық-түлік қауіпсіздік ұйымы (IOFS) жылдық жұмысының қорытындысын жариялап, ұйым аясындағы Африка жылының аяқталуына орай форум өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.