24.04.2023 19:22 Қазақстанға сапарым бойынша ешқандай саяси шешім қабылданбайды – ЕО санкциялар жөніндегі арнайы өкілі АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Астанада өткен баспасөз конференциясында Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.04.2023 17:21 Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы киік мекендерінде зерттеу жүргізеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 24-28 мамырда халықаралық сарапшылар Қазақстандағы киік мекендерінде зерттеу жүргізеді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.04.2023 19:09 Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Қазақстанға келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 18 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Қазақстанға келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.04.2023 18:11 БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі делегация еліміздегі түрмелерді тексерді АСТАНА. ҚазАқпарат – Біріккен ұлттық ұйымы өкілдерінен құрылған арнайы делегация Қазақстанның түрмелері мен уақытша ұстау изоляторындағы жағдайды бақылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.04.2023 10:25 Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдығымен құттықтады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.04.2023 16:39 Дүниежүзілік кеден ұйымы Қазақстанның халықаралық тауар тасымалы тізбегіндегі үлесін жоғары бағалайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі үлесін жоғары бағалады, деп хабарайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06.04.2023 11:00 Аркен Арыстанов KazAID қызметі жайлы: Басым бағыт – Орталық Азия елдерінің дамуы АСТАНА. ҚазАқпарат – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі 2020 жылдың 15 желтоқсанында құрылып, 2021 жылдың маусымында толыққанды жұмысын бастады. Оның негізгі мақсаты – елімізді өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялау. Екі жылдан астам уақыт ішінде агенттік халықаралық деңгейдегі көптеген іс-шараны қолға алып, жүзеге асырып үлгерді. Осы орайда агенттіктің жұмысымен толығырақ танысу үшін «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен Арыстановпен сұхбаттасуды жөн санадық. Ол әңгіме барысында агенттіктің мақсат-міндеттері, құрылғалы бері атқарған іс-шаралары мен жоспарлары, сонымен бірге агенттік шешуі тиіс мәселелер жөнінде айтып берді.
06.04.2023 09:28 ЕҚЫҰ парламентшілері қазіргі әлемдегі жастар мәселесін талқылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Болашақ ұрпақ туралы үнқатысу» тақырыбымен өткен вебинарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.04.2023 09:25 Мұрат Мұқышев Қазақстанның ШЫҰ бойынша ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
03.04.2023 19:26 Алматы 2023-2024 жылдарға ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдер министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.04.2023 02:00 Қазақстанның ядролық энергетикалық инфрақұрылымды дамытудағы жетістігі жоғары бағаланды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ядролық инфрақұрылымды шолу жөніндегі алдыңғы миссиясының ұсынымдарын орындауда прогресске қол жеткізді, деп хабарлады бүгін АЭХА халықаралық сарапшыларының тобы.
01.04.2023 11:47 ҰҚШҰ-ға мүше елдерде биыл кешенді оқу-жаттығулар өтеді МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында 2023 жылы Ұйым әскерлерінің (Ұжымдық күштердің) бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу бойынша алғашқы келіссөздер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Біріккен штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31.03.2023 10:50 Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы мақұлдады АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ұлттық Мәжілісі (парламент) Финляндияның НАТО ұйымына кіруі туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Дауыс беру бейсенбі күні парламенттің жалпы отырысында өтті.
30.03.2023 08:50 Сауд Арабиясы ШЫҰ-на «диалог серіктесі» ретінде қосылмақ ЭР-РИЯД. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) «диалог серіктесі» ретінде қосылуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
29.03.2023 19:14 Ғизат Нұрдәулетов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Ғизат Нұрдәулетов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
28.03.2023 16:44 Хайнань аралында Боао Азия форумы басталды БОАО. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Хайнань аралында «Белгісіздіктегі әлем: сын-қатер алдындағы ынтымақтастық пен ниеттестік, даму үшін ашықтық пен инклюзив» ұранымен Боао Азия форумы (БАФ) ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
25.03.2023 10:52 Сайлау: ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясы Қазақстандағы жұмысын аяқтауда АСТАНА. ҚазАқпарат– ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясы Қазақстандағы жұмысын аяқтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
25.03.2023 02:25 Құқығы бұзылған қазақстандық балалар енді БҰҰ-ға шағымдана алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігі «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарламалар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын әзірледі. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 21:40 Еуропа Одағы Түркияға зілзаладан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд еуро кредит бөледі БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ресейлік ТАСС агентігінің хабарлауынша, Еуропа Одағы Түркияға зілзаладан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд еуро кредит бөлетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 18:16 Парламенттік сайлау реформалар тұрғысында өтті – ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының мәлімдемесі АСТАНА. ҚазАқпарат – ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.