Халықаралық турнир: Қазақстандық боксшылар бірінші орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері турнирде тоғыз медаль алды. Оның ішінле алтауы - алтын, үшеуі - қола.

Аталған турнирде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі) және Ермахан Жакпеков (71 келі) қола жүлдегер атанды.

https://www.sports.kz/news/kazahstanskie-bokseryi-feerichno-vyistupili-naprestijnom-turnire

Екінші орындағы Украина құрамасының еншісінде он медаль (үш алтын, үш күміс, төрт қола) болса, Германия жеті медальмен (екі алтын, екі күміс, үш қола) үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған халықаралық турнирдегі медальдар кестесі:

1. Қазақстан - 6-0-3

2. Украина - 3-3-4

3. Германия - 2-2-3

4. Өзбекстан - 1-2-3

5. Қырғызстан - 1-1-0

6. Бельгия - 0-2-0

7. Венгрия - 0-1-2

7. Австралия - 0-1-2

9. Англия - 0-1-1

10. Таиланд - 0-0-2

10. Литва — 0-0-2

12. Әзербайжан - 0-0-1

12. Словения - 0-0-1

12. Шотландия - 0-0-1

12. Хорватия - 0-0-1.

Еске салсақ, Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.


Соңғы жаңалықтар