Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия Нұр-Сұлтан декларациясын қабылдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сегізінші отырысында Нұр-Сұлтан декларациясы қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиямен ынтымақтастығы тәжірибелік мазмұнмен байытылған.Қазақстанның бастамасымен және толық қаржылай қолдауымен өткен жылдың қарашасында Аустрияның Лаксенбург қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің жемқорлыққа қарсы органдарының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өңірлік көшбасшылықты нығайтуға, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруда әлемдік қауымдастыққа қолдау көрсетуге бағытталған», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов елордада өткен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сегізінші отырысында.

Оның айтуынша, отырыс аясында Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің жемқорлыққа қарсы органдарының қызметкерлеріне арналған екінші семинар-тренинг өтеді. Оған Қазақстан мен көршілес елдерден 76 адам қатысады.

Сонымен бірге, отырыс қатысушылары ұлттық және жаһандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Нұр-Сұлтан декларациясын қабылдайды.

«Жиын қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан декларациясын қабылдау жоспарланып отыр. Онда халықаралық акамдемияға мүше елдер ұйымның алдағы даму болашағына қатысты өз пікірлерін білдіреді, ұлттық және жаһандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында негізгі бағыттарды көрсетеді», - деді О. Бектенов.

Айта кеетйік, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сегізінші отырысы 2019 жылдың 2-4 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар