Халықаралық сертификаты бар түлектер ҰБТ-да шет тілінен емтихан тапсырудан босатылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаты бар түлектер ҰБТ-да шет тілінен емтихан тапсырудан босатылады. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm, Internet-based Test, TOEFL Paper-based test, TOEFL pbt, International English Language Tests System, IELTS халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да «Шет тілі» (ағылшын) бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес босатылады. Олар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады», - делінген жаңа редакцияда.

Бұл орайда, түлектердің аталған халықаралық сертификаттарында көрсетілген тіл меңгеру деңгейі балға ауыстырылады. Мәселен, IELTS дәрежесі 6.0 және одан жоғары болса, онда ҰБТ-дағы ағылшын бейіндік пәні бойынша балы 45-ке теңеседі. Егер оқушының TOEFL ibt сертификатынада көрсетілген балы 79 болса, бұл жағдайда ол ҰБТ-да 45 балға айналады.

Сертификаттағы тіл меңгеру деңгейінің көрсеткіші ҰБТ-да қандай балға тең келетінін мына сілтеме бойынша тынысуға болады.

Бұйрық 20 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар