Халықаралық сарапшылар Астанада ашылатын ІТ-хабтың мүмкіндіктерін тізбектеп берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Бүгін Алматыда өткен «Жаһандану дәуріндегі цифрлық күнтізбе» форумында сарапшылар биыл Астанада ашылатын ІТ-хабтың мүмкіндіктеріне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

TechStar топ-менеджері Крис Хейвлидің айтуынша, Астанадағы ІТ-хабтың маңыздылығы - қауымдастықтар арасында әріптестікті орнату және клиенттерге ғылыми, оқу-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

«Мыңдаған адамды бір шатыр астына біріктіру үшін инвестиция талап етеді. Бізде мүмкіндік көп,  ресурс та, адамдар да бар. Қауымдастықта кәсіпкер осыны жүзеге асыру үшін уақыт табуы тиіс», - деді Крис Хейвли.

Қазақстандық венчурлік инвестор Астанада ғана емес, барлық өңірлерде де дамыту керектігін айтты.

«ІТ-хаб Астанада жаңадан ашылады. Бастапқы кезеңде бұл қиын болады. Алматыда қазір нарық қалыптасқан, оң тәжірибе бар. Қарағанды, Алматы өңірлерін, облыс орталықтарын назардан тыс қалдырмауды ұсынамын.  Цифрландыру - мемлекеттік бастама. Бұл бастама тек Астанада ғана емес, өңірлерде де маңызды»,- деді венчурлік инвестор Әділ Нұрғожин.

«Сколково» қорының басқарма төрағасы Игорь Дроздов Астанадағы хаб қатысушыларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылатынын айтып өтті.  

«Бізде ондай жеңілдіктер жоқ. Стартап бастамалар да тартымды. Тек қана кофейня емес - мектеп, баспана. Бұл жерде бастысы, кеңсені жалға алуда емес, мәселе сервис спектрінде»,- деді И.Дроздов.

Mail.ru Group компаниясы бас директорының орынбасары Дмитрий Сергеев болса, Қазақстанда маман даярлау жақсы дамығанын тілге тиек етті.

«Біз Қазақстанмен бірлесе хакатон жүргізіп, студенттерді қашықтан оқыта аламыз. Тек қана жергілікті аймақта емес, жаһандық көлемде жүзеге асатын жобаларды қолға алу керек. Мен осы тәжірибелер Астанадағы ІТ-хабта қолданылады деп сенемін. Жаңа технологияларды тестілеуге барынша жағдай жасау керек. Егер Қазақстан роботтарды тестілеуді қолға алса, көп команда жасақтауға болады», - деді Дмитрий Сергеев.

Соңғы жаңалықтар