Халықаралық сарапшы ұлттық алдын алу тетігі аясындағы жұмыстарға жоғары баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Орталық Азиядағы PRI (халықаралық түрме реформасы) өкілдігінің Аймақтық директоры Азамат Шамбиловпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында уақытша оқшаулау, бас бостандығын шектеу және айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Халықаралық сарапшы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) шеңберінде жоғарыда көрсетілген бағыттағы жұмысқа жоғары баға берді. Омбудсменнің үйлестіруші рөлі кезіндегі ҰАТ жұмыс тәжірибесі, оның пікірінше, аймақ елдерінде тарату үшін айтарлықтай қызығушылық тудырады.

Осы тұрғыда тараптар ұлттық құқық қорғау тетіктерін жетілдірудегі, соның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан қылмыстық-атқару жүйесінің реформасы аясында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген салада бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар