Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеткізу тізбегінің бұзылуы, инфляцияның өсуі және сауда-саттық шектеулері жаһандық экономиканың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Осыған қарамастан Қазақстан сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп үлгерді деп сенімді түрде айта аламыз. Төрт айда экономиканың нақты өсімі 5 пайызды құрады. Бұл бұған дейін болжанған орташа әлемдік көрсеткіштен үш есе көп», - деді Мемлекет басшысы.

Президент экономикамыздың барлық негізгі секторында оң динамика байқалатындығын айтты.

«Былтыр біз шетелден 28 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарттық. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бір айта кетерлік жайт, шетелдік инвесторлар шикізаттық емес секторға айрықша қызығушылық танытады. Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады. Бүкіл әлемде протекционизмнің белең алуына қарамастан, ашық нарықтық экономикасы бар ел ретінде өз позициямызды нығайта түстік. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп,134 миллиард долларға жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар