Халықаралық пойыз билеттеріне бір жыл бойы 58% жеңілдік жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ мемлекетаралық пойыздардың жолаушыларына жеңілдіктер берілетінін мәлімдеді. Жеңілдігі бар билеттерді сату басталып та кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңілдік беру науқаны 2019 жылдың 2 қаңтарынан 28 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жолаушылар пойыз жүргенге дейін 45 күн бұрын билетті базалық құнынан 58% арзанға ала алады. Ал пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын, бос орындардың азаюына байланысты, билеттің бағалары да қымбаттай түседі.

Жеңілдіктер пойыздың жолға шығар уақытының алыс-жақындығына байланысты, билеттің базалық құнынан 58%, 55%, 45%, 35%, 25% және 15% болып белгіленген.  

Бұл ретте атап өтерлігі,  аталған жеңілдіктер халықаралық бағдардағы пойыздарға ғана беріледі, мемлекет ішіндегі рейстерге, сондай-ақ ұжымдық жолаушылар тобына таратылмайды.

Халықаралық бағдарлардың тізімін мына жерден көруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар