Халықаралық олимпиада жүлдегері болған оқушыларға ақшалай сыйақы беріледі - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер болған оқушыларға бірреттік ақшалай сыйақы беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы бірнеше қазақстандық оқушы халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер болды. Мұндай талантты балаларда барынша қолдау қажет. Біз оларға жоғары оқу орындарына конкурстан тыс түсуі үшін гранттар ұсынып, бірреттік ақшалай сыйақы төлейтін боламыз. Балаларды тәртбиелеген педагогтарды да моральдік және материалдық тұрғыда көтермелеу қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын да қолдау маңызды екендігін айтты.

«Материалдық қолдау іс-шараларын «Цифрлық мұғалім» білім беру жобасымен толықтыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар