+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ЖОО-ға түсу кезінде басымдық берілмек

2019 жылғы 10 қазан 18:31
Бөлісіңіз:
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ЖОО-ға түсу кезінде басымдық берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсу үшін басым құқық берілуі керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге артады – министр Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді Ертіс өңірінде 1-4 сынып оқушыларын мектептерде тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінеді

Сенат қабырғасында «Педагог мәртбесі туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Сергей Ершов министрден «Алтын белгі» иелеріне жоғары оқу орнына түсу кезінде басымдық беру қажет пе?» деп сұраған еді.

«Біз мұның қажеті жоқ деп есептейміз. Қазір «Алтын белгі» саны тіпті геометриялық прогоресспен артып жатыр. Бүгінде «Алтын белгі» иелері бұрынғыдай белгілерін ҰБТ арқылы растамайды немесе кеңес заманындағыдай облыстық білім басқармасының комиссиясы тексермейді. Мектептің өзі бұл белгіні бере салады. Сондықтан бұл белгіні беру және қорытынды жұмыстарды тексеру құзіретін облыстық басқарма деңгейіне беруді ұсынамыз», - деді министр.

Дегенмен, ол халықаралық олимпиада жеңімпаздары үшін басым құқық беру мәселесін қайта көтеру қажет деп санайтынын айтты.

«Себебі қазіргі уақытта халықаралық олимпиада жеңімпаздары басым құқықсыз қалды. Олар көп те емес, жылына 20-30 адам ғана. Қазіргі уақытта осы халықаралық олимпиада жеңімпаздарын басқа елдер алып кетіп жатыр. Сондықтан халықаралық олимпиада, ғылыми конкурс жеңімпаздарына, халықаралық спорттық жарыстарға қатысушыларға осындай басым құқық беру өте маңызды», - деді А.Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT