Халықаралық Олимпиада комитеті үздік бапкерлерді анықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті бапкерлік қызметтегі үздік жетістіктері үшін берілетін жыл сайынғы ХОК жүлдесіне құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олимпиада 2020 хабарламасының 18-ші ұсынымына сәйкес, ХОК спортшыларды кәсіби алаңда және спорттан тыс уақытта қолдау бағытында жаңа қадамдар жасады. Аталған жүлде бапкерлердің спортшы өміріндегі маңызын ұғындырып, олардың Олимпиадашылар өмірі мен Олимпиадалық қозғалысқа сіңірген еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылып отыр», - деп деп мәлімдеді ҚР ҰОК.

Үміткерлер қатарына қысқы және жазғы спорт түрлерінен бапкерлік қызметті атқарып жүрген жаттықтырушылар да, зейнеткерлікке шыққан бапкерлер де қосыла алады. Оларға қойылатын жалғыз талап - үміткер кем дегенде бір Олимпиада ойындарына бапкер ретінде қатысуы тиіс.

Өтінім 2018 жылдың 12 тамызына дейін қабылданады. Жүлде 2018 жылдың 5-6 қазанында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтетін Жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындарында бір әйел және бір ер бапкерге табысталады.

Айта кетелік, ХОК Жүлдесін алғаш болып бапкерлік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін суда жүзуден жаттықтырушы Джон Урбанчек пен синхронды жүзуден жапониялық бапкер Канеко Масако иеленген.

Соңғы жаңалықтар