Халықаралық олимпиада қатысушысы Данияр Маминов өз өмірін ғылыммен байланыстырмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатика пәнінен өтіп жатқан XXVII халықаралық олимпиада қатысушысы, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Данияр Маминов өз өмірін болашақта ғылыммен байланыстырмақ.

Оқушы Оңтүстік Кореяда білімін жетілдіргісі келетінін айтты.

Сайыстың қоскүндігінде Данияр 323 бал жинаған. Ол Қазақстан құрамасына қола медаль олжалады. Сайыстың абсолютті чемпионы Оңтүстік Кореядан келген Джи Хак Юн екенін айта кету керек. Одан кейін ресейлік Михаил Ипатов 561 бал, АҚШ-тан келген Эндрю Хе 555 балмен үшінші орынға тұрақтады.

«Олимпиада өте жоғары деңгейде өтті. Менің көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Бірақ, одан да жақсы нәтиже көрсетуге болар еді. Оның өзіндік қиындықтары болды. Мен екінші күнде осалдық таныттым. Тапсырмалар ерекше болды», - деді Д.Маминов.

«Бағдарламалаушылардың өз порталы бар. Сол жерде әркімнің рейтингі көрсетіледі. Олимпиадаға дейін мен қарсыластарымның деңгейінен хабардар болдым. Мен үшін олардың нәтижесі таңқаларлық болған жоқ. Бірақ мен үшін бұл үлкен стимул болды», - деді қатысушы. Енді Данияр өз өмірін информатикамен байланыстырмақ. Оқуын Оңтүстік Кореяда жалғастырғысы келетінін жеткізді.

Айта кетейік, халықаралық білім додасы бүгін аяқталды. Жеңімпаздарды марапаттау Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында түскі 15:00-де өтеді.

Барлығы 27 алтын, 55 күміс, 79 қола медаль таратылады.

Келесі Олимпиада Ресейдің Қазан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар