Халықаралық олимпиада қатысушылары арасындағы сайыс тартысты болды - АҚШ-тан келген оқушы Александр Вей

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан халықаралық олимпиаданың қатысушылары тек жеңіске ұмтылды. Бұл туралы АҚШ-тан келген мектеп оқушысы Александр Вей бөлісті.

Оның айтуынша, оқушылардың арасында өте үлкен тартысты сайыс болды.

«Барлық қатысушылар мен жетекшілер түрлі думанға толы күндерден сәл шаршады. Бұл өте жағымды сәт. Біз діттеген мақсатымызға жеттік. Менің командам сайыс алдында өзінің стратегиясын жоспарлап алған болатын. Сайыс барысында одан қия баспадық. Сайыс өте тартысты болды. Барлығының жеңістен үміті болды», - деді А.Вей.

Олимпиаданың қос күнінде Александр максимум 600 баллдың ішінен 466 балл жинады. Оның отандасы Эндрю Хе 555 ұпайды қанағат тұтты. Ең жоғарғы көрсеткішті Оңтүстіккореялық Джи Хак Юн (600 балл) көрсетті.

Айта кетейік, Олимпиада жеңімпаздарын бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында марапаттайды.

Соңғы жаңалықтар