Халықаралық олимпиада қатысушылары Алматыдағы сауда үйін аралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі күнге жалғасқан тартысқа толы сайысты артта қалдырған халықаралық олимпиада қатысушылары мен қонақтары Алматыдағы «Есентай молл» сауда үйін аралады.

Айта кетейік, Алматыда информатикадан халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің 83 елінен 630 делегат келді.

Сайыстың абсолютті чемпионы Оңтүстік Кореядан келген Джи Хак Юн екенін айта кету керек. Ол ең көп 600 баллды еншіледі. Одан кейін ресейлік Михаил Ипатов 561 балл, АҚШ-тан келген Эндрю Хе 555 баллмен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық қатысушылар да құр қалған жоқ. Бекжан Бекболатұлы мен Мейрамбек Өмірзақ, Найзабек Алтынбай (сәйкесінше 415 және 414, 402 баллдан) күміс медальді еншілесе, Данияр Маминов 323 баллмен қола медальге қол жеткізді.

Келесі Олимпиада Ресейдің Қазан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар