Халықаралық ММА федерациясы Қазақстанды мойындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ММА федерациясы Қазақстанның Ұлттық ММА, панкратион және грепплинг федерациясын мойындап, хат жіберді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Федерация президенті Сағындық Мекеевтің атына келген хатта Қазақстан федерацясын мойындау туралы шешім федерацияның мүшелігіне қабылдау жөніндегі Халықаралық спорт федерацияларының жаһандық қауымдастығы (GAISF) бекіткен халықаралық стандарттарға сай қабылданғаны айтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық ММА федерациясы (IMMAF) мен Бүкіләлемдік ММА қауымдастығы (WMMAA) екі ұйымның біріккені туралы мәлім еткен болатын. Бұл ММА-дің ресми спорт түрі ретінде бірлескенін аңғартады. Оның үстіне спорттың осы түрін Олимпиада қозғалысы аясындағы спорт түрі ретінде мойындалуын жақындата түсті.

Соңғы жаңалықтар