+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді

2019 жылғы 6 желтоқсан 09:06
Бөлісіңіз:
Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы спектакльдің премьерасы өтті Лаңкестік аймақтан келген балаларды оңалтумен Білім министрлігі айналысады «Жусан» операциясы: Сирия жалғыз ұлымнан айырды

«Осындай күрделі мәселелерді шешу ісінде Қазақстанның «Жусан» операциясын табысты жалғастырып отырғаны бүкіл әлемге үлгі болуы тиіс» деп жазған қайырымдылық ұйымының басшысы.

Петер Маурердің хатында репатриация және реинтеграция мәселелерінде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ықпалдастықты нығайту, қақтығыс аймағынан оралған отбасы мүшелерін қауыштыру және адамдарға психологиялық қолдау көрсету қажеттігі айтылған.

«Халықаралық Қызыл Крест комитеті өз мандаты аясында және гуманитарлық мақсатта Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсетуге дайын. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысы бар ұсталған адамдармен жолығып, пікір алмасуға қуанышты болар едік. Біз Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларында аталған күрделі мәселе жөнінде тәжірибе алмасу үшін осындай проблемаға тап болған басқа елдердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды ұсынамыз», – деп жазылған П.Маурердің хатында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT