Халықаралық «КВН» одағының президенті Масляков жұмысынан кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Халықаралық «КВН» одағының президенті Александр Масляков мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті қатар жүргізді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ura.ru  ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарланғандай, Масляков «Планета КВН» жастар орталығы» мемлекеттік мекемеге басшы болып келгенде «Александр Масляков и компания (АМиК)» атты шығармашылық бірлестіктің құрылтайшысы болып қалған. Артынан жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Ал 2014 жылы «Планета КВН» жастар орталығы» мемлекеттік мекемесі мен «Александр Масляков и компания» бірлестігі келісімшарт жасасып, «Дом КВН» жауапкершілігі шектеулі қоғамын құрған. Ал акцияның 51 пайызы «АМиК»-ке берілді. Осы елдің заңнамасы бойынша мемлекеттік қызметті бизнеспен қатар жүргізуге тыйым салынған. Масляков дәл осы норманы бұзып, қызмет бабын өз мүддесі үшін пайдаланған. Себебі екі мекеменің де басшысы болды.

Аталмыш фактілерді анықтап, журналистік зерттеу жүргізген «Трансперенси интернешнл» антикоррупциялық ұйымының сайтына сенсек, Мәскеу билігі Александр Масляковты «Планета КВН» жастар орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметінен босатты.

Айта кетейік, бұған дейін интернетте Көңілділер мен тапқырлар клубының белгілі жүргізушісі 76 жасында инсульттен көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Кейін оның жұбайы бұл қауесеттерді жоққа шығарды.

 

Соңғы жаңалықтар