Халықаралық күштер шығарылғаннан кейін де Ауғанстанға халықаралық көмек бәсеңдемеуі қажет

None
None
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауғанстаннан Халықаралық күштердің шыға бастауын және елдегі қауіпсіздікті қамтудың толық жауапкершілігін Ауғанстан Үкіметіне 2014 жылға қарай өткізіп беру мәселесін ескере отырып,

осы шаралардан кейінгі кезеңде аталмыш елге халықаралық көмектің бәсеңдемеуіне күш жұмылдыруымыз қажет. Сол үшін Ауған еліне гуманитарлық және экономикалық жәрдем жалғасын тауып, елдің ішкі жағында саяси диалогты арттыра түсу керек. Бүгін Ауғанстан мәселесі бойынша Халықаралық байланыс тобының отырысына қатысқан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов осылай мәлім етті.

Сонымен қатар, министр сөз арасында ауған халқының ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету және ел әлеуетін көтеру мақсатында Қазақстан тарапынан нақты қадамдар жасалып отырғанын мәлім еттті. Оның айтуынша, бірнеше жылдар бойы тұрақты негізде Ауғанстанға азық-түліктік гуманитарлық көмегі көрсетілуде. Бұдан бөлек, Қазақстан тарапы ауған еліне қатысты бірқатар ірі ауқымды әлеуметтік жобаларды да жүзеге асырып келеді.

«Қазақстан былтырғы жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында «ауған жолы» үшін маңызды үлес қосты. Қазірдің өзінде Азия елдерінің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы жөніндегі байланыс тобының төрағасы ретінде Қазақстан Ауғанстан мемлекетінің алдында тұрған мәселелерді шешу үшін аталмыш Ұйымның рөлін арттыру керек деп санайды», - деді Е. Қазыханов.

Сонымен қатар, министр Қазақстан Ауғанстан проблемасын шешудегі көптарапты дипломатия механизмдерін тартуды толықтай қолдайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар