Халықаралық коалицияның әуе соққылары Сирия мен Ирак арасындағы екі көпірді бұзды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - АҚШ басқарып отырған халықаралық коалиция «Ислам мемлекетінің» Сириядағы позицияларына кезекті әуе соққыларын тигізді. Осы жолы американдық зымырандар джихадшылардың Сирия мен Ирак шекарасының ауданында қолданатын екі көпірді жарып жіберді.

Осылайша, соңғы екі күннің ішінде коалиция «Ислам мемлекетінің» содырларына қырық бір соққы тигізді. Сирияның адам құқықтары жөніндегі обсерваториясының директьоры Рами Әбдел Рахман Сирияның Албу Камаль қаласы мен Ирак астанасын қосқан екі көпірдің жойылғанын нақтылады.

«Бұл көпірлер Сирия мен Ирак шекарасы маңында орналасқан ИМ топтары үшін стратегиялық маңызды орындар болып табылады. Олардың көмегімен содырлар екі мемлекет арасында жылдам жүре алды», - дейді Р.Рахман.

«Ислам мемлекетінің» содырлары Альбу Камал қаласы мен Сирияға жақын аумақтарды 2014 жылдың шілдесінде басып алған. Ирак аумағында ИМ Анбар провинциясының батыс бөлігін ұстап тұр.

Әуе соққылары «Ислам мемлекетін» Ирактан кесіп қана қоймай, джихадшылардың аумақ бойынша жүруіне қиындық туғызып, әуеден түскен күшке осал қылдырды.

Халықаралық коалиция «Ислам мемлекеті» позицияларына әуе соққыларын 2014 жылдың қыркүйегінде содырлардың Сирия мен Ирактағы табыстарынан кейін тигізе бастаған.

Соңғы жаңалықтар