Халықаралық қазақ күресі федерациясы құрылғалы көп жетістікке жеттік - Қанат Бозымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы елордада өткен Qazaq kuresi ассосациясының Конгресінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен қазақ күресіне 2012 жылы келгенмін. Сол жылы алғаш рет Республикалық федерациямен бірге Еуразия барысы турнирін, одан кейін Әлем барысын өткіздік. Бұл қазақ күресінің халықаралық аренада дамуына үлкен серпіліс берді», - дейді Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев.

Ол 2017 жылы Халықаралық қазақ күресі федерациясы құрылғанын айтты.

«Содан бері көп жетістікке қол жеткіздік. Қысқа мерзім ішінде федерация екі құрлықтық Азия және Еуропа федерацияларын қоса алғанда 29 елді біріктірді. Үш жыл ішінде 2 Еуропа чемпионаты, 2 Азия чемпионаты және 2 Әлем чемпионатын өткіздік. Сондай-ақ, Балтық жағалауы чемпионаты болды. Жақын арада біздің федерацияға Камерун, Перу, Куба, Тәжікстан, Беларусь елдерінің енуі жоспарланып отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар