Халықаралық қайта құру банкі Қазақстанға 345 млн еуро қарыз береді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы шілдедегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 345,7 млн еуро сомасына қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылған болатын. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанған 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріліп отыр. Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады.

Айта кетейік, қарыз қаражаты қарыз туралы Келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінетін болады.


Фото: wpcdn.zenger.news




Соңғы жаңалықтар