Халықаралық Каспий күні: теңіз итбалығының жойылу қаупі бар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Каспий жағалауындағы елдер қоғамның назарын теңіздің қоршаған ортасын қорғау қажеттілігіне аударуға бағытталған халықаралық Каспий күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Маңғыстау облысының экологиялық мәселелері: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Шара ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, мұнай-газ компаниялары өкілдерінің басын қосты.

«Көтерілетін мәселелердің бірі – Каспий итбалығының жойылып кету қаупі. Соңғы кезде осы түрге тиесілі жануарлардың саны соңғы уақытта азайып келеді. Каспий итбалығы – Каспий теңізінің эндемигі. Мемлекеттік органдар мен ірі корпорациялардан бастап Каспий маңы аймағының тұрғындарына дейінгі барлық мүдделі тараптардың қолдауына сенемін. Бұл күрделі мәселені біз тек күшімізді біріктіру арқылы ғана шеше аламыз», - дейді «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының» басшысы Адылхан Товасаров.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірдің экологиялық проблемалары Каспийдің биологиялық ресурстарының сарқылуымен, мұнайдың салдарынан ластану тәуекелдерімен байланысты.

«EcoBatys» бастамасы аясында Маңғыстау облысының қоғамдық бірлестіктері «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, эко-мәдениетін қалыптастыруға, Каспий итбалығын сақтауға бағытталған 6 жобаны жүзеге асырады. Мұндай әлеуметтік жобалар ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп қана қоймай, өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге елеулі үлес қосады», - дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрман.

Қоғам белсенділерінің пікірінше, өңірдегі экологиялық проблемаларды мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-ның, ғалымдардың, еріктілердің бірлескен күшімен ғана шешуге болады.





Фото: www.wallpapermaiden.com


Соңғы жаңалықтар