Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы Елбасына Құрмет марапатын тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы (WAIFC) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрмет марапатын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық қаржы орталықтарының Дүниежүзілік альянсы (WAIFC) Нұрсұлтан Назарбаевқа АХҚО құрғаны үшін, сондай-ақ халықаралық қаржы орталықтары арасындағы жаһандық ынтымақтастықты дамытудағы Елбасының елеулі еңбегі үшін Құрмет марапатын берді.

Марапат жыл сайынғы «Astana Finance Days» қаржылық конференциясы аясында тапсырылды. Марапатты Тұңғыш Президент атынан АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қабылдады.

Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы басқарма мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қ. Келімбетов АХҚО-ның жұмыс істеген алғашқы жылғы жетістіктерін атап өтті. «Тұңғыш Президент Жарлығын басшылыққа ала отырып, АХҚО әлемдегі көптеген дамыған және дамушы халықаралық қаржы орталықтары мен биржалармен әріптестік қарым - қатынас орнатты», - деді ол.

WAIFC атынан Басқарушы директор Д-р Йохен Бидерманн қаржы қызметтеріне, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамытуға және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету үшін тартымды және ашық Халықаралық орта құру арқасында елдің экономикасына инвестиция тартудағы АХҚО - ның негізгі рөлін мойындау белгісі ретінде Республиканың Тұңғыш Президенті-Елбасыға Құрмет марапатын тапсырды.

null null

Соңғы жаңалықтар