Халықаралық іздеуде жүрген шекара бұзушы ұсталды - ҚР ҰҚК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Петропавл» темір жолы өткізу бекетінде «Челябі - Петропавл» бағыты бойынша жүретін жүк вагондарының арасындағы тұғырнамадан оператор бейнебақылау арқылы вагондар арасындағы қарайғанды байқап қалған. Түскен мәліметті тексеру үшін жедел аттанған шекара жасағы «П» есімді РФ азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру шаралары барысында ұсталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүргені анықталды.

Материал сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу бойынша бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Көліктегі полиция департаментіне берілді.


Соңғы жаңалықтар