Халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Түркістан облысында ұсталды
2022 жылғы 16 тамыз 15:59

Халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Түркістан облысында ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысы полиция департаменті халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктіге Ресей Федерациясының Самара қаласында іздеу жарияланған. Оған бөтеннің мүлкін ұрлаған деген айып тағылып отыр.

«Ер адам шекара арқылы Өзбекстан Республикасына өтпекші болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атап кетейік, Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының полицейлері жыл басынан бері халықаралық іздеу жарияланған 7 қылмыскерді ұстады.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT