Халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шубин Ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу амалы арқылы алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде.

Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.

Қазіргі уақытта С. Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар