Халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық Қарағандыда ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық жігіт Қарағанды қаласында саябақтың бірінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бағытта Қызылорда және Қарағанды облыстары полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлері бірлескен түрде жедел іздестіру шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық жігіт Қарағанда қаласында саябақтың бірінде ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Онда бұзақылық ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.



Соңғы жаңалықтар