Халықаралық іздеу жарияланған экс-басшы 46 млн теңге залалды өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген «ҚазСуШар» РМК Ақмола филиалы директорының орынбасары ұрланған бюджет қаражатын 46 млн теңгеден астам сомасын өтеген. Бұл туралы Antikor News жобасының тікелей эфирінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген «ҚазСуШар» РМК Ақмола филиалы директорының орынбасары ұрланған бюджет қаражатын 46 млн. теңгеден астам сомаға өтеді. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін ҚР АШМ «ҚазСуШар» РМК бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - дейді Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, РМК Ақмола филиалы директорының орынбасары Америка Құрама Штаттарының аумағында сотқа дейінгі тергеу органынан жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің іздестірілуші туыстарымен жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылғы 21 тамызда 46 187 614 теңге сомасындағы залал толық көлемде өтелді және ол Қазақстан Республикасына өз еркімен келуге дайын екендігін білдірді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар