Халықаралық ғарыш стансасынан «Союз МС-07» аппараты ажыратылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 54/55 экспедициясының мүшелерін Жерге жеткізетін «Союз МС-07»  ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан бөлініп шығып, Жерге аттанды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Союз МС-07» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан Мәскеу уақытымен 12:16-да ажыратылды. Телеметрикалық ақпарат талдауының нәтижесі бойынша, аталмыш үдеріс қалыпты түрде өтті. Ғарыш кемесі командирінің баяндауы бойынша, ескертулер жоқ», - деп хабарлады Ұшыруды басқару орталығының өкілі.

Кеме бортында ғарышкерлер Антон Шкаплеров (Роскосмос), Скотт Тингл (NASA) және Норисигэ Канаи (жапон аэроғарыштық зерттеу агенттігі) бар.

Ғарыш кемесі Мәскеу уақытымен 14:48-де тежеу қозғалтқышын қосып, орбитадан шыға бастайды. Кеме экипажымен атмосфераның тығыз қабаттарына 29 минуттан соң енеді. Тағы 24 минуттан соң аппарат Қазақстан аумағына Жезқазған қаласына таяу жерге қонуы керек.

Ғарыш стансасында экипаж мүшелері Эндрю Фойстел (АҚШ, экспедиция командирі), Олег Артемьев (Ресей) және Ричард Арнольд (АҚШ) жұмыстарын жалғастыра бермек.

6 маусым күні құрамында Ресей ғарышкері Сергей Прокопьев пен АҚШ пен Германия австронавтары Серена Ауньон мен Александер Герсть бар ХҒС-ның келесі экспедициясы Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-09» ғарыш кемесімен ұшырылады.  


Фото: social.rt.com

Соңғы жаңалықтар