Халықаралық ғарыш стансасын алғаш рет еуропалық әйел басқарып отыр

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Италиялық астронавт Саманта Кристофоретти - Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) командирі болған алғашқы еуропалық әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

45 жастағы Кристофоретти сәрсенбі күні Олег Артемьевтің орнына келді.

Оның міндетіне жердегі командалармен байланыста болу және төтенше жағдай кезінде экипаждың іс-қимылын үйлестіру кіреді.

Еуропа ғарыш агенттігінің хабарлауынша, ол сонымен қатар орбитадағы ғарышкерлердің жұмысы мен әл-ауқатына жауап береді.

Саманта Кристофоретти 1977 жылы Миланда туған. Машина құрастыру мамандығын меңгерген, кейін Италия әуе-қорғаныс күштеріне ұшқыш ретінде барған.

Оны 2009 жылы Еуропа ғарыш агенттігі Италияның алғашқы әйел-астронавты ретінде таңдаған.

2015 жвлы бір ұшқанда 200 күн ғарышта болып, рекорд орнатты. Сондай-ақ, ол жұрттың ықыласын TikTok-та күлкілі танымдық видеороликтерімен жаулап алған.

Саманта Кристофоретти бес тілде: итальян, ағылшын, неміс, француз және орыс тілдерінде сөйлейді. Сондай-ақ, ол ЮНИСЕФ елшісі.



Фото: НАСА/ЕКА







Соңғы жаңалықтар