Халықаралық FISU ұйымы «Алматы Универсиада -2017» ұйымдастыру комитетінің есебін жоғары бағалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы Универсиада-2017» ұйымдастыру комитетінің жұмысы Халықаралық FISU студенттік спорт ұйымының президенті Клод Луи Гальен тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл туралы «Алматы Универсиада-2017» атқарушы дирециясының баспасөз хатшысы Нұрлан Түсіпов хабарлады.

23-25 мамыр күндері Брюссельде өткен халықаралық студенттік спорт федерациясының ұйымдастыруымен болған отырыста жазғы және қысқы Универсиада ұйымдастырушыларының есебі тыңдалған болатын.

Алматы делегациясы Универсиаданы ұйымдастыруда қолға алынып жатқан ағымдағы шаралар мен құрылыс жұмыстары туралы баяндады.

Халықаралық спорт федерациясының назарына 21 га аумақты қамтитын 5 мыңға жуық спортшыға арналған атлетикалық ауылдың, аумағы 27,7 гектарды құрайтын, үш мың көрерменге есептелген Мұз аренасы, жалпы аумағы 24,8 га құрайтын 12 мың көрерменге есептелген Мұз сарайы нысандарының құрылысы жайлы ақпарат ұсынылды.

Халықаралық шараға қатысқан Италия, Ресей, Корея, Испания, Тайпей, Қазақстан елдерінің өкілдері өзара тәжірибе алмасып, маңызды мәселелерді талқыға салды.

Отырыс барысында 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиада алауы эстафетасының маршруты белгіленді.

Соңғы жаңалықтар