Халықаралық ESG тәуекел-рейтингі: «ҚазМұнайГаз» көрсеткіші жақсарды

None
Таяуда Sustainalytics рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаздың» ESG тәуекел-рейтингін жаңартып, оған 28,4 ұпай берді.

Компания өз бағасын корпоративтік басқарудағы бизнес-этика қағидаттарын күшейту арқылы жақсартып отыр. ҚМГ аталған рейтингте тұрақты деңгейін сақтай отырып, Sustainalytics агенттігі бағалаған 270 әлемдік мұнай-газ компаниясының арасында үздік жиырманың ішіне кірді. Sustainalytics агенттігі жаңартқан рейтинг туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы көруге болады.

Осыған дейін аталмыш агенттік ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқару деңгейін 28,5 балға бағалаған болатын.

Компания ESG тәуекел-рейтингін жақсартып, бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес, қызметкерлерінің даму біліктілігін арттыруға тырысатынын айта кеткен жөн.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен еншілес компаниялары қызметкерлер арасында ESG мәдениетін еселей келе, бизнестің адам құқықтары саласындағы әрекеттерін бақылау бойынша оқыту тренингтеріне қатысты. Тренингтерді Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасы Жапония Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырды. Оқыту барысында ҚМГ-нің еншілес компанияларының 25-тен астам қызметкері адам құқықтары саласында біліктілігін арттырды.


Соңғы жаңалықтар