Халықаралық энергетика агенттігі мұнайдың әлемдік бағасына болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) қаңтардағы есебінде 2022 жылы коронавирустың «омикрон» штамының таралуына қарамастан, мұнайға сұраныстың өсімі күтіліп отырғаннан әлдеқайда артатынын болжап отыр. Агенттік 2021 және 2022 жылдардағы мұнай сұранысының өсу бағасын тәулігіне 200 мың баррельге, сәйкесінше тәулігіне 5,5 миллион баррель және 3,3 миллион баррельге дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны жылдам қарқынмен өсуде, бірақ үкіметтердің пандемияны болдырмау бойынша қабылдаған шаралар онша қатаң емес, сондықтан олардың экономикалық белсенділік пен мұнай тұтынуына әсері әлсірейді», - деп білдірді пікірін ХЭА сарапшылары.

Осылайша, 2021 жылдың IV тоқсанында мұнай сұранысы тәулігіне 1,1 млн баррельге, яғни болжанып отырғаннан 345 мың баррельге жылдам өскен. ХЭА-да «омикронның» бұрынғы нұсқалармен салыстырғанда жұқпалылығы жоғары болғанына қарамастан, адамдар үшін өте қауіпті емес екенін еске салады. Сондықтан коронавирустың бұл түрі өндіріс пен өнеркәсіптік процестерді тоқтатпайды, деп санайды ведомство.
ОПЕК+ елдері мұнай өндіру шектеулерін толық алып тастаса,
2022 жылы әлемдік мұнай өндірісі тәулігіне 6,2 баррельге арта алады. Бұл ретте, өсімнің басым бөлігі ОПЕК+ келісіміне кіретін елдерден келеді, олар биылғы жылы өндірісті тәулігіне 4,4 млн баррельге қосуы мүмкін. Дегенмен, бұл сонымен қатар қазіргі кезде негізінен Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі әлемдегі еркін тау-кен өндірісі қуатының қысқаруын білдіреді, делінген баяндамада.
Ал жалпы алғанда, ОПЕК-ке кірмейтін елдердің мұнай өндірісі 2022 жылы тәулігіне 1,8 млн баррельге артады. Мұнай өндірісін қалпына келтіру жағынан АҚШ көш бастайды, деп атап өтті ХЭА сарапшылары.


Соңғы жаңалықтар