Халықаралық еңбек ұйымы: Әлемде жұмыссыздар саны 25 миллионға жетуі мүмкін

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) пікірі бойынша, COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс және еңбек нарығындағы ахуал бүкіл әлем бойынша жұмыссыздар санының 25 миллионға жетуіне, яғни жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«COVID-19 және еңбек саласы: салдары мен қарсы шаралар» алдын ала баяндамасы қызметкерлердің жұмыс орнының сақталуын қорғау, экономика және жұмыспен қамтуды ынталандыру, сондай-ақ жұмыс орындары мен табыстарды қолдау секілді үш негізгі бағытта шұғыл, кең ауқымды және үйлестірілген шараларға шақырады.

Бұл шараларға әлеуметтік қорғауды кеңейту, қызметкерлерді алып қалуды қолдау (яғни қысқа мерзімді жұмыс, ақылы еңбек демалысы, басқа да субсидиялар) және микро, шағын және орта кәсіпорындар үшін қаржылық, салықтық жеңілдіктер кіреді. Сонымен қатар, баяндамада бюджеттік және ақша-кредит саясаты, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларын несиелеу және қаржылық қолдау қарастырылған.

Вирустың өршуінің экономикалық әсері жұмыс уақыты мен жалақының қысқаруына әкелетіндіктен, жұмыссыздар саны өседі деп күтілуде.

Жұмыспен қамтудың төмендеуі жұмысшылар үшін үлкен кірістің жоғалуын білдіреді. Мамандардың бағалауынша, 2020 жылдың аяғында олар 860 миллиардтан 3,4 триллион долларға жетеді. Бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынудың төмендеуіне әкеледі, өз кезегінде бизнес пен экономиканың өсу перспективаларына да әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар