+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Халықаралық білім беру рейтингтерінде Қазақстан жоғары орында – сарапшы

2020 жылғы 27 мамыр 19:13
Бөлісіңіз:
Халықаралық білім беру рейтингтерінде Қазақстан жоғары орында – сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен өзекті мәселелерді баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

«Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға айрықша назар аударып келеді. Бұл - елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің басты шарты екенін көрсетті. Ал бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы адам капиталын дамыту мәселелеріне жеке тоқталды. Ұлттық кеңестің үшінші отырысының күн тәртібі білім беру мен денсаулық сақтау мәселелеріне арналды», - дейді институт басшысы өз пікірінде.

Спикер Қазақстанда 2025 жылға дейінгі елдің даму стратегиялық жоспары жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл жоспар экспортқа бағытталған өндірісті ынталандыруды көздейтін экономикалық өсудің жаңа моделіне негізделген. Жаңа адами капиталды дамыту - осы жоспардағы ең маңызды жеті жүйелік реформаның бірі, ол елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылады.

«Адам даму индексінің (АДИ) біздің елімізге қатысты 2019 жылғы мәліметтері бойынша - Ресей 49 орында, Беларусь 53-орында, Қазақстан 58-орында тұр. Бұл - адами даму деңгейі өте жоғары мемлекеттер тобына кіретін елдердің көрсеткіштері. Біздің еліміз 0,800 индикаторымен осы топ аумағында соңғы орында тұр. Бұл индексте мемлекеттер төрт негізгі компонент бойынша бағаланады. Олардың екеуі білімге қатысты. Көріп отырғанымыздай, АДИ-да білім беру бойынша Қазақстанның позициясы жоғары. Бағалауға оқу ұзақтығы елеулі әсер етеді, оның еліміздегі ұзақтығы -15,1 жыл. Бізде білім деңгейі өте жоғары және оның ұзақтығы 11,8 жыл. Осы көрсеткіштердің арқасында біз адам дамуы өте жоғары елдер тобына кіреміз», - деді З. Шәукенова.

Сонымен бірге, сарапшы білікті жұмыс күші бойынша да (75%) жақсы позициялар бар екенін еске салды.

«Бұл көрсеткіш бойынша да біз жоғары дамыған елдердің үштен біріне кіреміз. Алайда, Қазақстанның халықаралық рейтингілердегі жоғары орындарына қарамастан, білім беру саласындағы отандық сарапшылар талдауы проблемалық мәселелер мен кемшін тұстарын көрсетіп отыр. Мәселен, қазақстандық ЖОО бітірушілердің тек 30-35 пайызы мамандық бойынша жұмысқа тұрады . 70 пайыздан астамы - жоғары білімді, біліктілік пен қабілетті арттырудың жолы емес, диплом алу құралы ретінде қарастырады. Қазақстанның білім беру жүйесі нақты экономиканың сұраныстарына нақты жауап бермейді, бұл да адами капиталды тиімді пайдалануға кедергі болады», - деді З. Шәукенова.

Оның айтуынша, жақын арада шешуді қажет ететін маңызды мәселелердің бірі - адами капиталдың ескіруіне жол бермеу. Технологиялық құрылымның ауысуы жағдайында қолда бар білім мен дағдылардың ескіруі жеделдей түседі.

«Бүгінде Қазақстан оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалау бойынша дамыған елдерден едәуір артта қалып отыр. Бұл туралы Президент бүгін Ұлттық кеңес отырысында айтты және басты себеп ретінде бөлінген қаражаттың жетіспеушілігін, осындай маңызды салада жүйелі және ойластырылған реформалардың жоқтығын атады. Президент бұл мәселені байыпты, шынайы бағалауға шақырып, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Олардың ішінде Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық даму міндетін тек мемлекет есебінен емес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) арқылы шешуге болатынын жеткізді. Қаржылық тартымдылықты көтеру, білім беру инфрақұрылымына инвестиция салу мәселелерін де зерттеу керек», - деді З. Шәукенова.

Сондай-ақ, Ұлттық кеңес отырысында Президент педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерге шәкіртақыны көбейту, оқуға қабылдау талаптарын біртіндеп арттыруды ұсынды.

«Егер біз білім беру саласындағы жүйелі шаралармен айналыспасақ, қазіргі демографиялық қарқынымызбен Президент айтқандай, үнемі «қуып жетуші» рөлінде боламыз», - деді Зарема Шәукенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT