Халықаралық байқаушы үйде дауыс беріп жатқандар қатарының аз екенін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары болғанымен, үйде дауыс беріп жатқан азаматтар қатары аз. Бұл туралы Елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының байқаушысы Геннадий Семигин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Әрине, қазір саяси жүйе жаңғырып жатыр. Әсіресе, бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсіп жатқандарға тоқталайын. Сайлаушылар қандай бір кандидатты өз аумағында таңдайтынын түсінуі өте маңызды. Бұл саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған үлкен қадам. Бүгін біршама сайлау учаскесінде болдық. Қайда барсақ та, барлық жердегі ұйымдастырылу деңгейінің өте жоғары екенін байқап жатырмыз. Дегенмен мүмкіндігінің болмауына байланысты үйде дауыс беретін азаматтардың саны аз болып отыр. Бұдан сайлауға жауапты адамдардың жәшіктерімен үйлерге бару жұмысын төмен қарқында жүргізіп жатқанын байқауға болады», - деп мәлім етті Григорий Семигин.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

16:00-дегі жағдай бойынша 6 млн 250 мыңнан астам азамат дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар