+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Халықаралық бағыттарға билет алу рейстің ұшуына кепілдік бермейді – Азаматтық авиация комитеті

2020 жылғы 28 мамыр 20:42
Бөлісіңіз:
Халықаралық бағыттарға билет алу рейстің ұшуына кепілдік бермейді – Азаматтық авиация комитеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарға әуе билеттерін сатып алу жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
6 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі 5 шілде. Туған күн иелері Қазақстанда ұшқышсыз 277 ұшу аппараты есепке тіркелген

«Әуе компаниялары мен делдалдардың сайттарында халықаралық бағыттарға билет сатылып жатқанына байланысты, билеттер бірнеше ай бұрын сатылатын әлемдік тәжірибені ескере отырып, халықаралық рейстерге билет сатудың реттелмейтінін және шектелмейтінін хабарлаймыз. Осыған байланысты халықаралық бағыттар бойынша Қазақстаннан ұшатын немесе елге келетін әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің қайта басталғанын білдірмейді және жолаушыға таңдап алынған бағыт пен рейс күні ұшуға кепілдік бермейді», - делінген мәлімдемеде.

Комитеттің хабарлауынша, халықаралық бағыттар бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастау эпидемиологиялық жағдайға, Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік шекарасынан өту шектеулеріне және мемлекеттердің визалық талаптарына тікелей байланысты.

Халықаралық әуе қатынастарын қайта бастау туралы шешімді ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып қабылайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT