Халықаралық әуежай өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кения астанасы Найробидегі Джомо Кениаты атындағы халықаралық әуежайдан өрт шықты, деп хабарлайды Reuters.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, жалын  жанармай қоймасынан шыққан. Әзірге зардап шеккендер  мен қирандылар туралы деректер түсе қойған жоқ.

Кениялық Star газетінің жазуынша,  өрт әуежай қызметіне, яғни  ұшақтардың ұшып-қонуына  онша бөгет болмаған сыңайлы.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер  тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар