Халықаралық Армия ойындарында Қазақстан командасы көш бастап тұр

None
None
ОТАР. ҚазАқпарат - «Отар» 40-шы әскери базасында Халықаралық Армия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың «Артиллериялық атыс шеберлері» кезеңінің нәтижелері бойынша, ҚР Қарулы Күштерінің командасы бірінші орынды иеленіп тұр. Олардың ізін ала Беларусь, үшінші орында ресейлік құрама келеді.

Байқаудың бірінші «Құс салу» кезеңінің үшінші тапсырмасы бойынша да Қазақстанның әскери қызметшілері бірінші орынды ешкімге берген жоқ, екінші орында тағы да Беларусь командасы. Қалған командалар бүгін, 3 тамызда жарысқа кіріседі.

Бүгін, сондай-ақ «Сенімді тәсіл» Халықаралық конкурсына старт беріледі.

Соңғы жаңалықтар