Халықаралық армия ойындары тамызда Қазақстанда өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айында елімізде халықаралық армия ойындары аясында «Тактикалық мерген» конкурсы басталады. Әр елден келген әскери қызметшілер жауынгерлік шеберлігін жеке және топ құрамында көрсетіп, оқ атудан жарысады. Сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілер Кабардин-Балқардағы Теріскөл кенті маңында тау бөлімшелері арасында өтетін «Эльбрус шеңбері» конкурсына қатысады. Екі конкурстың шарттары мен ерекшеліктері жайында Қарулы күштер арнайы операциялар қолбасшысының орынбасары, полковник Абай Абдуллаев толығырақ айтып берді.

- Абай Сәуменұлы, тамыз айында ел аумағында халықаралық армия ойындары аясында «Тактикалық мерген» сайысы өтеді. Ойындар қалай және қай жерде өтеді, оның шарттары қандай?

- 2022 жылы армия халықаралық ойындары шеңберіндегі «Тактикалық мерген» сайысы осы жылы Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Бекітілген ереже және тәртіп бойынша конкурсқа қатысушы ел негізгі топ ретінде он адамды тағайындап, оның ішінде әр түрлі мамандармен бізге жіберу керек.

Шарт бойынша қатысушы ел он адамды іріктеп жібергеннен кейін, олар төрт конкурстың аясында өткізілетін төрт кезеңге қатысуға дайын болуы керек. Бірінші кезең барысында жеке дара дайындығы тексеріледі. Әр мерген қысқа мерзім ішінде нысананы айқындай білуі және оны жоя білуі керек.

Екінші кезең барысында, жауынгерлік жұптардың өзара іс-қимыл жасай білу деңгейі тексеріледі. Үшінші кезең барысында топ құрамында іс-қимыл жасау керек. Төртінші кезең - конкурстың ережесінен тыс «Дуэль» атты сынақ.

- Байқау ережесі мен критерийлері жайлы айтып өтсеңіз.

- Бекітілген ереже бойынша төрт кезеңнің барысында ең әуелі қауіпсіздік шараларына баса назар аударылады. Одан кейін жағдайды тез сынап, нысананы белгілеп, оны жою кезінде неғұрлым аз уақыт жұмсаса, соғұрлым ұпайы жоғары болады. Конкурсты ашық өткізу және баға беру үшін әкімшілік және төрешілер бекітілген.

- «Тактикалық мерген» сайысына қатыстын елдерді айтып өтсеңіз.

- Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, тарихына үңілсек. «Тактикалық мерген» сайысы армиялық халықаралық ойындары аясында өткізіліп жатқан екінші конкурс. Бірінші рет өткен жылы Ресей Федерациясындағы Рязаньдағы оқу-жаттығу полигонында өткізілген болатын. Ол жерде біздің құрама үшінші орын алған.

Осы жылы Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданғаннан бері 12 ел ниет білдірді. Оның ішінде Орта Азия елдерінан атап өтсек Өзбекстан, Тәжікстан және өзіміздің Қазақстан Республикасы. Одан бөлек Ресей Федерациясының құрамасы, Қытай Халық Республикасы және Мали, Никарагуа сияқты елдер ниеттерін білдірген.

- Абай Сәуменұлы, қазақстандық әскери қызметшілерде тау бөлімшелері арасында өтетін «Эльбрус шеңбері» конкурсына қатысатыны бәріне мәлім. Осы байқау туралы толығырақ айтып кетсеңіз.

- 2016 жылдан бері Армия халықаралық ойындары шеңберінде өткізіліп отырған «Эльбрус шеңберіне» осы жылды қосып санасақ алтыншы рет қатысудамыз. 6 жылдан бері біздің құрама жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Құрама іріктеуден өткізіліп, Алматы облысында орналасқан Тау дайындығы орталығында бүгінгі күнде конкурсқа қатысуға дайын. Ниет білдірушілер саны осы жолы тоғыздан астам. Сайыстың ережелелері бойынша құраманың тобы 20 адам болуы керек.

Оның нігізгі тобы 12, қосалқы тобы 8 адам болуы керек. Сол топтар айқындалғаннан кейін, Ресей Федерациясында орналасқан Кабардин-БалқардаРеспубликасындағы Тау дайындығы орталығы «Теріс көлге» жөнелтуге дайынбыз.

- Жаңағы айтып өткен конкурстарға қатысатын біздің әскери қызметшілер бұдан қандай тәжірибе алады?

- Орынды сұрақ. Біздің Қарулы күштерінің өкілдері оның ішінде мамандарымыз, арнайы операция қолбасшылары және басқада қатысушылар бірінші орында халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатын орындайды. Көрші елдердің қарулы күшетрімен тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, отандық қорғаныс өнеркәсіп өнімдерін қолдана білу тәжірибесін айқындайды.

- Ал, енді Қазақстан Қарулы күштері командаларының дайындық деңгейіне келсек, оған қандай баға берер едіңіз? Жалпы біздің жауынгерлердің іріктеу және дайындық процесі қалай өтіп жатыр?

- Екі конкурс туралы айтатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «Эльбрус шеңбері», «Тактикалық мерген» конкурстарына қатысу үшін өте күрделі және кешенді іріктеуден өткіздік. Ол бір күн емес, бір ай емес, бірнеше айда біздің жауынгерлер өз әскери бөлімінен жеке дара болып, жеңіп шықты. Одан кейін өңірлік қолбасшылықтардың аумағында өткізілген конкурстарда жеңіп, бүгінде халықаралық конкусқа қатысуға дайын.


Соңғы жаңалықтар