Халықаралық армия ойындары қалай өтуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Халықаралық армия ойындары 10 елдің 21 полигонында, Каспий, Балтық теңіздерінің акваториясында және Парсы бұғазында өтіп жатыр. Ойындарға 39 мемлекет қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойынныңбағдарламасына 32 сайыс енгізілген. Оның 16-сына қазақстандық әскериқызметшілер қатысуда.


Қазақстан аумағындаминоатқыш есептоптарының – «Артиллериялық оқ ату шеберлері», ұшқышсыз ұшу құрылғыларының – «Сұңқараңшылығы» және байланысшылар арасындағы – «Сенімді қабылдау» сайыстары өтеді.


Жамбыл облысындағы «Отар»40-шы әскери базасындағы сайыстарға 13 елдің әскери қызметшілері қатысып жатыр.Оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің командасы да бар.Ойындардың басталуы тікелейэфирден көрсетілді.

Қазақстан құрамасы Халықаралықармия ойындарының өкілдік топтарының бірі болып танылды. Салыстыру үшін Беларусь – 18 сайысқа, Қытай –15, Иран мен Өзбекстан – 14 сайысқа қатысатын болады. Мұндай кең көлемдіөкілдік командалық есепте жеңімпазды анықтауда шешуші рөл ойнайды.

Соңғы жаңалықтар